Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Академия наук

Пятница, 28.07.2017
Главная » Статьи » Сортировка материалов по секциям » Филологические науки

Филологические науки

1- сынып оқушыларын  ана тілі пәнінен тест  тапсырмаларын. Орындауға  дайындау  әдіс - тәсілдері

Автор: Жайлыханова Айша Айузаковна

 

Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы - жоғарғы сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды. Оған біздің жыл сайын төрт жыл оқытып, қолымыздан шығарып жүрген жас түлектеріміздің білім жүйесі айғақ болады. Сондықтан да бастауыш сыныптарда сабақ беру жүйесін жетілдіруге халық ағарту органдары көп көңіл бөліп келеді.

Мектеп жұмысының алға басуы, оқушылардың алған білімнің тиянақты, сапалы болуы, қорыта келгенде, мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық шеберлігіне, ізденгіштігіне жеке басының білімі мен ерекшелігіне байланысты. Орыстың тамаша демократы В.Г.Белинский тәрбиешіні, мұғалімді бекерге бағбанмен салыстырмаған. Сондықтан мұғалім сабақ өткізгенде де сақ болуы керек.

Атақты педагог А.С.Макаренко айтқандай, бала мұғалімнің бет құбылысы мен дауыс ырғағынан не айтқалы тұрғанын білгені пайдалы екенін тәжірибе көрсетті. Аз сөйлеп, көп нәтиже шығару, кұрғақ қағидадан еңбекке дағдыландыру - алдағы басты міндеттеріміздің бірі. Біздер, мұғалімдер, қиын да қызықты еңбегімізбен Ы.Алтынсарин айтқандай, мектептің жүрегі болуымыз керек. Ақауы жоқ, таза қанды, тоқырап, тоқтап қалуды білмейтін, өз білмегенін біреуден көрмейтін, өмір бойы балалармен бірге соға беретін жүрек керек мектепке. Мектептің жүрегі бола білу - өмірден өз орнын табу деген сөз. Жас ұрпаққа білім берудің негізгі формасы - сабақ. Онда өтілетін материалды түсіндіріп қана қоймай, балалардың білімін тексерудің маңызы зор. Жас ұрпаққа білім беру жұмысын жетілдіру, бұл жұмысты өмір талабына сай етіп құру қоғамның бүгінгі таңда алға қойып отырған әлеуметтік міндеттерінің бірі. Осыған орай қазіргі таңда мектептер жаңа жүйеге түсірілуде. Жастарға білім беруді жетілдіру бағытында іздену әрбір мұғалімнің міндеті.

Бастауыш сынып оқушыларын өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру арқылы олардың сабаққа деген қызығушылығын оятуға болады. Өзіндік жұмыс оқушыға қызықты, тартымды болған жағдайда олардың шығармашылық белсенділіктері дамиды. Ана  тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру – бастауыш мектептегі оқу процесінің ең қажетті бөлігі. Аталған міндеттердің жүзеге асуына бастауыш сыныптардың қосатын үлесі зор.

Ана тілі пәні бойынша  тест тапсырмаларының басты мақсаты – бастауыш мектептегі қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың алған білімдерін барынша толық қайталау.

Аталған жинақ бастауыш сынып оқушыларының бағдарлама талаптарына сай, тілдік бағдарламаны мүмкіндік деңгейіне жеткізу үшін жинақталған сынақ сұрақтардан, сөзжұмбақтардан және білім, білік, дағдыларын тексеру үшін шығармашылық қабілеттерін арттыру, логикалық қабілетін дамыту мақсатында берілген тапсырмалар.

Қорытынды сын жұмыстарының мақсаты – оқу жылында немесе тоқсандық жұмыс кезінде мемлекеттік бағдарламаның талаптарын орындау және нақты қорытындысын тексеру үшін жүргізіледі. Бұл әрбір оқушының білімін есепке алуда ерекше мәні бар жұмыс. Оқушы мен мұғалім жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Жинақтағы материалдарды ана тілі, тіл дамыту сабақтарында кеңінен пайдалануға болады. Берілген тапсырмаларды қалай орындау мұғалімнің өз еркінде.Оқушылардың білім сапасы, көбіне, жаңа сабақты түсіндірген кезінде зер салып тыңдауына байланысты. Зейін қойып тыңдамаған оқушы тапсырманы өз бетімен оқып білуде, орындауда көп киыншылықтарға кездеседі. Сабақта өзін дұрыс ұстамайды, басқаларға кедергі жасайды. Оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына қатаң бақылау қажет. «Оқушының дәптері - мұғалім жүмысының айнасы екенін естен шығармаған жөн. Оқушылардың білімін ауызша сұрап тексеруді сабақтың әр кезінде жүргізуге болады.

Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбиелік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперементтік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады.    Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. "Тест" — ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс.Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады. Тест – психологияда жеке адамның ақыл-ойы дамуының, білік-дағдыларының, қабілеті дамуының белгілібір деңгейін тексеруге арналған стандартты формадағы тапсырмалар жиынтығы болып келеді.

Жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты терең білілм беру арқылы меңгерген білім, білік, дағдыларын тест арқылы текесеру жүргізілуде. Тестілеудің педагогикада өз заңдылықтары мен талаптары бер екені белгілі.

Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.

Ашық тапсырма немесе толықтыру тесті – сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің сөз тіркесінің, сандар мен формулалардың орнындағы көп нүктенің тиісті жауаппен алмастырады.

Мысалы: Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп  тақырыптарын  өткенде

1. Қазақ  тілінде  неше  әріп  бар?

А)  42    Ә) 36     Б)  40

Дыбыстар  нешеге  бөлінеді?

А)  3    Ә)  2    Б)  4

Дауысты  дыбыстар   нешеге  бөлінеді?

А)   1   Ә)  3    Б)  2

42 әріптің  жүйелі  тізбегі  қалай  аталады?

А) Әріптер қатары     Ә) Әріптер тізбегі      Б) Әліпби

Дауыссыз  дыбыстар  нешеге  бөлінеді?

А)   4     Ә)  3       Б)  2

Дауыссыз  дыбыс  түрлерін  белгіле:

А) дауыссыз, қатаң    Ә) ұяң, үнді, дауысты   Б) қатаң, ұяң, үнді

бір ғана жауапты керек етеді.

«Төрт түлік тақырыптарын» өткенде:

Төрт  түлікті  ата

А)  қой, ешкі, мысық,  жылқы

Ә)  қой, ешкі,  түйе,  жылқы,  сиыр

Б)  мысық,  күшік,  жылқы,  түйе

Төрт  түліктің  аталарын  ата

А) Ойсылқара, Зеңгі баба,  Қамбар ата,  Шопан ата,  Сексек ата,

Ә) Ойсылқара,   Ақтөс,  Қамбар ата,    Барбос,  Сексек ата,

Б)  Тауық, Зеңгі баба,   Әтеш,  Шопан ата,   Қарақұлақ ,  Жуан дауысты  дыбыстар  қатарын  тап:

3.      Таңдау тесті – онда сөйлемнің басы беріледі де, соңынан бірнеше үлгелері жауап ретінде ұсынылады, оның ішінде дұрысы да, қатесі да бар. Дұрыс жауап нөмірін карточкаға белгілеп көрсетуге болады.

Жуан дауысты  дыбыстар  қатарын  тап:

А) а, ұ, ү, і

Ә) а, е, и, ү

Б) а, ы, ұ, о

Жіңішке  дауыстылар  қатарын  тап:

А) а,ү,й,о,ө

Ә ) ә,а,о,ө,б

Б)ә,е,ө,і,ү

Жуан  және  жұп  дауыстылар  қатарын  тап:

А) А-ә,  о-ө,  ы-і,  ұ-ү

Ә) О-ө,  Б-е,  қ-к,  д-ж

Б)  А-ә,  ғ-г,  ж-з,  ұ-ү

4.      Балама тесті – Қандай да бір ұғымды растайтын сөйлемдерден құрастырылады. Жауап дұрыс немесе қате, немесе жоқ түріндегі сөздермен беріледі.

Дұрыс жазылған сөзді тап:

А) тоқық     Ә) отыл   Б) жазғы

Ұ – қандай дыбыс?

А) жуан дауысты дыбыс  Ә) үнді дауыссыз дыбыс Б) ұяң дауыссыз дыбыс

В – қандай дыбыс?

А) дауыссыз, ұяң   Ә) дауыссыз, үнді   Б) дауыссыз, қатаң

5. Салыстыруға арналған тест – ол да бір бағанада тапсырма тек сөйлеммен, ал екінші бағанада берілген сұрақтан екі-үш есе көп жауап беріледі.

Мысалы: Сөзде  қанша  дауысты  дыбыс  болса,  сонша    не  болады?

А)  дауыссыз  дыбыс     Ә) сөйлем      Б) буын

Кісі  аты – жөні,  жер  су  аттары  қандай  әріптен басталып  жазылады?

А)   кіші  әріптен     Ә)  бас  әріптен     Б)   екеуіменде  жазылады

Үй   жануарларына  қойылатын  аттар  қандай  әріптен басталып  жазылады?

А)   кіші  әріптен      Ә)  бас  әріптен     Б) екеуіменде  жазылады

4. Наурыз  көжеге  неше  түрлі  дәм  салынады?

А)  үш  түрлі     Ә)    бес  түрлі    Б)   жеті  түрлі

5. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) сарыөзек         Ә) Сарузек     Б) сарөзек

Ретіне қарай тізбелеу тесті құбылыстар, шамалар, сипаттаммалардан тұрады. Оларды тәртіппен, яғни  маңыздылық мөлшері бойынша реттеу керек .Берілген тізім жауаптың құралуына негіз болады.  Құрастырма тест - әр түрлі типтегі тапсырмалардан тұрады. Оқушылар оның жауабын берілгендердің ішінен таңдайды. Кәсіби бағыттағы тест – онда сұрақпен  қоса өтілген тақырыбымен қандай да бір мамандықпен байланысты мағлұматтар беріледі.Жартылай өткізгіштіктерді ғылымды, техникада, тұрмыста кеңінен қолдану, бұл материалдардың мынадай қасиеттеріне  орай екені белгілі:

Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады.

Тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады.

 

Қорытынды:

«Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер – бүгінгі  мектеп  оқушылары, мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе   Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндет  ауыр»   -  деген  Елбасы  сөзін  естен  шығармайық!  Көмекші құралдың мазмұны 1-сыныптың ана тілі бағдарламасына толық сәйкестендіріліп жасалды. Құрастырылған тест тапсырмалары  балалардың ой-өрістерін кеңейтуге бағытталған – еліміздің рәміздері, қалалары, белгілі тарихи тұлғалар туралы білімдерін тиянақтауға көмектеседі. Олардың ой зеректігі, есте сақтау қабілеті, интеллектуалды деңгейі мен оқу үлгерімінің артуына ықпалын тигізеді.

Оқушылардың өз бетінше орындауына берілген тапсырмалар олардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін дамытуға, логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты шыңдауға мүмкіндік береді.

Категория: Филологические науки | Добавил: Administrator (25.12.2015)
Просмотров: 559 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]